jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша келесі сот отырысы өтетін күн белгіленді

    Бишімбаев сот залында
    Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы соттың Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    4 сәуірде Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

    "Сот қылмыстық істің заттай дәлелдемелері мен материалдарын зерттеумен сотталушыдан жауап алуды жалғастырды.

    Қорғаушы тарап сарапшының қорытындысын ҚПК-ге сәйкес оны тағайындау рәсімінің бұзылғанын алға тартып, дәлелдеме ретінде жол берілмейтін деп тану туралы өтінішхатын мәлімдеді. Сот аталған өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені, сот тергеуінің аталған сатысында сот жоғарыда аталған процестік құжатты әлі толық зерттемеген", - делінген хабарда.

    Одан әрі жұмыс уақытының аяқталуына байланысты отырыс 8 сәуір сағат 10:00-ге шегерілді.

    Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы Астана қалалық МАҚС-да алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр және Жоғарғы соттың YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

    Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша келесі сот отырысы өтетін күн белгіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.