jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында несие алғысы келген тұрғындар алаяққа 19 млн теңге берген

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысында полицейлер 19 миллион теңгенің алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді. 27 адам зардап шеккен, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, жедел іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады.

    "Анықталғандай, күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп, алдын ала ақшаларын алған. Ол осындай жалған уәде беріп, 27 тұрғынды алдап үлгерген.

    Жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, жалпы 19 миллион теңге шығын келтірген. Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды", - деді Түркістан облыстық ПД өкілдері.

    Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес аса ірі көлемде жасалған алаяқтық (ҚР ҚК-нің 3-бабы бойынша – 4000 АЕК мөлшерінде залал келтіру, 14 768 000 теңгеден астам) мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    Түркістан облысында несие алғысы келген тұрғындар алаяққа 19 млн теңге берген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.