jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысында арнайы операция кезінде 11 адам ұсталды (видео)

    Арнайы операция кезінде ұсталғандар
    Арнайы операция. Фото: instagram.com/baurzhan__alenov

    Алматы облысында арнайы операция кезінде 11 адам ұсталды. Күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство басшысы хабарлағандай, Алматы облысының полиция департаментіне Алматы облысы мен Алматы қаласында белгісіз адамдардың қаруды заңсыз сақтап жүргені туралы жедел ақпарат келіп түскен.

    Бұл деректі облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексерді.

    "Жедел іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен Жамбыл облысының тумасы екі ер адамды ұстады.

    Тінту нәтижесінде үш тапанша мен Калашников автоматы табылып, тәркіленді, сонымен қатар ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат салынған пакет тәркіленді", - деді Бауыржан Әленов.

    Аталған фактілер бойынша ҚАЖД-да қылмыстық істер тіркелді. Барлық алынған заттай айғақ бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

    Қылмыстың барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

    "Сонымен қатар арнайы операция барысында он бір адам ұсталды. Қазір олар қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы жеке бақылауымда", - деді Алматы облыстық ПД бастығы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.