jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қонаевта камерадан қашқан прокурордың видеосы таралды

    Қашып кеткен ер адам
    Камерадан қашқан ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/jambyl_audanin_turgindary

    Желіде камераға түсіріп жүрген ер адамнан прокурор қашқаны көрсетілген видео тарады. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысының прокуратурасы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео 8 сәуірде кешке Қонаев қаласындағы Жамбыл көшесінде түсірілген. Кадрлардан ғимараттың кіреберісінде форма киген екі-үш ер адам темекі шегіп тұрғанын көруге болады.

    "Міне, ол темекі шегіп тұр. Қоқыс жәшігі бар. Күлді қоқыс жәшігіне салуға болады ғой. Форма киген адамның ісі дұрыс емес", - дейді видео авторы кадр сыртында.

    Камера ұстаған ер адам жақындағанда қызметкерлер жан-жаққа кетіп қалған, олардың біреуі аула ішіне қарай қашып кеткен.

    "Құрметті прокуратура, күлді тастап, енді қаштыңыз. Ұят, масқара", - деген видео авторы қызметкердің артынан жүгірген.

    "Құрметті прокурор, тоқтаңыз, қашпаңыз!" - деп айғайлайды ер адам.

    Форма киген қызметкер ауланы айналып одан әрі қашып, ер адамға жауап қатпаған.

    Алматы облысының прокуратурасы оқиғаға қатысты түсінік берді.

    "Қазіргі уақытта видеороликке қатысы бар адамның барлығы анықталды, этикалық және басқа да заңбұзушылықтарға қатысы тексеріліп, сараптама жүргізіліп жатыр", - деді қадағалау органы өкілдері.

    Ведомстводағылар тексеру қорытындысы бойынша прокурорлар мен өзге де тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілетін мәлім етті.

    "Тұрғындарды мерзімінен бұрын қорытынды шығармай, тексеру нәтижесін күтуді сұраймыз", - деді облыстық прокуратура өкілдері.

    Қонаевта камерадан қашқан прокурордың видеосы таралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.