jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша тағы 50 млрд теңге қайтаруды жоспарлап отыр

    Қайрат Сатыбалдыұлы
    Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: Inbusiness.kz

    Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша тағы 50 млрд теңге қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Антикор Telegram-арнасында жарияланды.

    "Биылғы 11 сәуірде Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады.

    Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда", - делінген хабарда.

    Бұған дейін тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржол жолдары мен ақшалай қаражат, шетелдік мүліктерімен қоса) қайтаруды қамтамасыз етті.

    Айта кетейік, осы тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.

    Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша тағы 50 млрд теңге қайтаруды жоспарлап отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.