jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Тағы бір Салтанат": Алматыда ер адамның бұрынғы әйелін аяусыз ұрғаны видеоға түсіп қалды

    Әйелді ұрып кетті
    Әйелді ұрып кетті. Видеодан кадр: facebook.com/jannachka.akhmet

    Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің бейнебақылау камерасына ер адамның бұрынғы әйелін ұрғаны видеоға түсіп қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Дети под защитой" қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Ахметованың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Тағы бір Салтанатты құтқару керек. Әйелдің есімі де - Салтанат. Тұрмысқа шыққанына 11 жылдан кейін әйел ажырасуға шешім қабылдаған. Күйеуінен әрең құтылған ол балаларын алып, Тараздан Алматыға көшкен еді", - деп жазды Жанна Ахметова.

    Жанна Ахметованың сөзінше, күйеуі оны аңдып, қайтуға мәжбүрлеген.

    "1 сәуірде Life Town тұрғын үй кешенінде әйелге шабуыл жасап, телефонын сындырып, аяусыз ұрып-соққан. Балаларының анасын осындай күшпен ұруға бола ма?", - делінген жазбада.

    Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген.

    "Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізді. Жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

    Айта кетейік, 12 сәуірде Алматыда ер адам орындықта отырған әйелге тап беріп, күш көрсеткен еді.

    Еске сала кетейік, 11 сәуірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң сенатта мақұлданған болатын.

    "Тағы бір Салтанат": Алматыда ер адамның бұрынғы әйелін аяусыз ұрғаны видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram