jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында шенеуніктерге ай сайын миллион теңгеден сыйақы беріліп келген

    Қағаз ақша
    Қағаз ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің бірінің қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактілерін анықтады.

    "Мемлекеттік мекеме екі жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды.

    Мысалы, тек үш айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берді. Әр қызметкердің сыйақысының мөлшері 1 млн теңгеден асты", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Осы фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.

    Облыстық прокуратура өкілдері қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлңмдеді.

    Ақмола облысында шенеуніктерге ай сайын миллион теңгеден сыйақы беріліп келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.