jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты

    Байжанов
    Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Астана сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша "Гастро-орталық" директоры Бақытжан Байжановтан жауап алу жалғасуда. Бүгін судьяның сұрақтарына жауап берген ол өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Сізге тағылған айыптар бойынша өз ұстанымыңызды білдіріңіз, сіз қылмыс туралы хабарламағаныңыз үшін кінәлі екеніңізді мойындайсыз ба?", - деп сұрады судья Байжановтан.

    "Жоқ, өйткені мен білген жоқпын. Содан кейін мен білген бойдан бірден хабарладым", - деп жауап берді Байжанов.

    Бұдан кейін судья айыпталушыдан "Қылмысты жасырды деген айыппен келісесіз бе?" деп сұрады.

    "Жасыруға келсек, жоқ, ол 3 пен 5 аралығында қайтыс болған (сағат - ред.) мен жазбаны 13.30-да өшіріп тастадым, яғни, ол қайтыс болғанға дейін", - деді Байжанов.

    Еске сала кетсек, бұған дейін сот отырысында Бақытжан Байжанов сот отырысы барысында уақытша ұстау изоляторында өзіне қысым көрсетілгенін айтқан болатын.

    Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.