jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ҰҚК қызметкерлері бес қазақстандықты ұстады

    ҰҚК операциясы
    ҰҚК арнайы операция өткізді. Фото: ҰҚК

    Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының көмегімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органның ресми сайтына сілтеме жесап хабарлайды.

    2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды.

    "Бұдан басқа қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

    Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.