jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Елден контрабандалық жолмен алтын әкетті деген күдікті Түркияда ұсталды

    Ұсталған күдікті
    Ұсталған күдікті. Фото: polisia.kz

    Экономикалық контрабанда жасаған күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Қазақстан ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша түрік әріптестерімен бірлескен әрекет барысында және ҰҚК мен ҚР елшілігінің қолдауымен "қызыл бюллетень" бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.

    Ол экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде болған. Ол өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен 56 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді, делінген хабарда.

    Белгілі болғандай, 2017 жылы күдікті және басқа да адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан Түркия Республикасына бағалы металл – алтынды заңсыз әкеткен.

    Қазіргі таңда ер адам депортацияланып, Алматыда қамауға алынды. Ер адам көліктегі полиция департаментінің бастамасымен ұсталғаны айтылады.

    Елден контрабандалық жолмен алтын әкетті деген күдікті Түркияда ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.