jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Өтірік айтып отыр": Бишімбаевтың інісі көріпкелдің жауаптарын жоққа шығарды

    Бақытжан Байжанов
    Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында қайғылы жағдай болған күні экс-министр хабарласқан көріпкелден жауап алынды. Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов куәгердің айтқан сөздері шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сот отырысы барысында көріпкел Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев оған бірнеше рет коңырау шалғанын айтты. Сөзінше, экс-министр келіншегімен төбелесіп қалғанын және әйелі оянбай жатқанын жеткізген. Көріпкел айыпталушыға жедел жәрдем шақыруға кеңес берген.

    Алайда Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов көріпкелдің сөздерін жоққа шығарды. Байжанов олардың арасындағы әңгімені естігенін айтты.

    "Түсінгенімше, бірінші рет сағат екіде қоңырау шалған болып тұр ғой. Ол кезде мен жоқ едім. 15:51-де мен қасында тұрдым, бәрін естідім. Ол өтірік айтып отыр. Ол "жедел жәрдем шақыр, дәрігерге көрсет" деген жоқ. Ол "Оның миы шаршаған. Ұйқысын қандырып алсын. Сосын үйге барасыңдар" деді", - деп айтты Байжанов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.