jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Теріс бағыттағы идеологияны насихаттаған 7 қазақстандық пен бір шетелдік сотталды (фото, видео)

    Ұсталған адам
    Ұсталған адам. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы мен 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады.

    Ведомство ақпараты бойынша, сотталушылар таныстарына теріс бағыттағы идеологияны насихаттап, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға өшігуге шақырған.

    Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстары кезінде айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен т.б. заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленген.

    Сондай-ақ сотталушылардың үшеуі бұған дейін мұндай қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

    Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

    Сот үкімі 2024 жылғы 2 сәуірде заңды күшіне енді.

    Теріс бағыттағы идеологияны насихаттаған 7 қазақстандық пен бір шетелдік сотталды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.