jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында пара алды деген күдіктіге электронды білезік тағылды

    Электронды білезік
    Электронды білезік. Көрнекі фото: Iuri Gagarin / Getty Images

    Алматы облысында алғаш рет күдіктіні бақылау үшін электронды білезік қолданылды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттық Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Алматы облысының Іле аудандық сотында елеулі мөлшерде пара алды деп айыпталған адамға (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі) қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру жөніндегі материал қаралды.

    "Сот қаулысымен сотталушыға электронды бақылау құралдарын (электронды білезік) қолдана отырып, үй қамағына алуға санкция берілді және оған осы құралды өзімен бірге алып жүру міндеті жүктелді", - делінген сот хабарламасында.

    Қаулы заңды күшіне енді.

    Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында жоғары лауазымды тұлғаға электронды білезік тағылған. Антикордың мәліметінше, ол 5 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.

    Алматы облысында пара алды деген күдіктіге электронды білезік тағылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.