jitsu gif branding logo appbranding logo app

    60-тан астам қазақстандық Қытайдан арзан тауар аламыз деп алданып қалған

    Планшет
    Планшет. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қытайдан келетін тауарларды арзан бағамен ұсынып, ақша аудартып, астаналықтарды сан соқтырған күдікті анықталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

    Қарағанды облысының тұрғыны астаналықтарға арзан бағада Қытайдан келетін тауарларды алуға уәде еткен.

    Бір жыл ішінде ол WhatsApp мессенджері арқылы хабарландырулар салып, көтерме бағамен түрлі өнімдерді ұсынып отырған. Ол клиенттерге уәде еткен тауарлардың ассортименті мотоциклдерден бастап ас үйге арналған шағын бұйымдарға дейін деп көрсеткен.

    Сатып алушылар жарнамаға алданып, ақшаны дропперлерге аударып, қаражат алаяқтың картасына түсіп тұрған.

    Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құраған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында әйел өз кінәсін мойындап, бөтен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді.

    "Болжам бойынша, 60-тан астам азамат дәл осындай схеманы қолданып, алданған, бірақ құрбан болғандар одан да көп болуы мүмкін. Қазір полицияға 32 жәбірленуші арызданған. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.