jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында жасөспірім оқ тиіп жараланды

    Медициналық аппарат
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында серуендеуге шыққан жасөспірім оқ тиіп жараланды. Оны облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері аман алып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сәуірде облыстық балалар клиникалық ауруханасына 2011 жылы туған цациент жеткізілген.

    "Тексеру кезінде оң жақтағы кеуде тұсында жарақат бар екені анықталды. Анамнезі бойынша: үй маңындағы көл жағасында ойнап жүрген кезінде оқ тиген", - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

    Жасөспірімді жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігерлері қарап, кейін ол шұғыл түрде операция бөлмесіне ауыстырылды.

    "Операция жасалды: дәрігерлер торакоскопия жсп, кеуде қуысы тазартып, бөгде затты (оқ) алды. Оқ кеуде қуысынан өтіп, өкпе тінін зақымдап, қабырға аралық пен жауырынның төменгі тұсында тұрып қалған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Ведомстводағылар дәрігерлердің дер кезінде ота жасауының арқасында жасөспірім аман қалғанын атап өтті.

    Алматы облысында жасөспірім оқ тиіп жараланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.