jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттің бас дәрігері науқасты сотқа берді

    Нұрлыбек Асылбеков
    Нұрлыбек Асылбеков. Фото: nstagram.com/akimat_shymkent

    Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков өзіне жала жабылғанын айтып, құқық қорғау органдарына шағым түсірді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Асылбековтің журналистерге мәлімдеуінше, науқастардың бірі әлеуметтік желіде қалалық ауруханалардың бірінде сапалы медициналық қызмет көрсетілмейтінін жазған. Басылым авторы бұл жерде жемқорлық фактісі бар деп есептеп, Шымкенттің бас дәрігерін ақша үшін бұл жайтқа көз жұмып отыр деп айыптаған.

    Алайда сыбайлас жемқорлық фактісі расталмады, ал Нұрлыбек Асылбеков құқық қорғау органдарына науқастың үстінен шағымдануды жөн көргенін айтады.

    "Сапалы медициналық қызмет көрсетпейді, менің тарапымнан ол бүркемеленген деп жала жауып отыр, мен сотқа бердім, себебі мен мемлекеттік қызметкермін. Сондықтан сотқа бердім", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының сайтында Асылбеков басқарманы 2021 жылдан бері басқарып келе жатқаны жазылған.

    Шымкенттің бас дәрігері науқасты сотқа берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.