jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда Telegram-дағы Protenge арнасының иесіне айыппұл салды

    Үкім оқып тұрған судья
    Үкім оқып тұрған судья. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Telegram-дағы Protenge арнасының иесі Жәмила Маричеваға айыппұл салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сондай-ақ, басылымда "заң жобасына сәйкес СІМ шетелдік БАҚ пен олардың журналистерін аккредиттеуден бас тартуы мүмкін" деп көрсетілген. Бұдан басқа, аккредиттеусіз шетелдік БАҚ пен шетелдік журналистердің кәсіби журналистік қызметімен айналысуына тыйым салу көзделеді".

    Алайда, сотта министрлік аккредиттеуді ұзартудан бас тарту туралы шешімді редакция мен "Азаттық радиосы" журналистері тарапынан БАҚ саласындағы заңнамасын, атап айтқанда, шетелдік БАҚ өкілдіктерінің қызметі және Қазақстан аумағындағы журналистердің қызметі туралы ережені бірнеше рет заңбұзушылықтар негізінде қабылдағаны анықталды.

    Осылайша "Азаттық радиосы" корреспонденттері үшін аккредиттеуді ұзартудан бас тарту фактісі болды, бірақ Маричева аккредиттеуді ұзартудан бас тарту негіздерін бұрмалады делінеді.

    Жалған ақпарат тарату қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызады.

    "Онлайн-платформада жалған ақпаратты жариялау және тарату жөніндегі іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген сот хабарында.

    Сот қаулысымен Маричева ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік  жауапқа тартылды.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.