jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде бюджеттен 22 млн теңге жымқыру дерегі әшкере болды

    Ақша есептеп отырған адам
    Ақша есептеп отырған адам: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтөбе қаласының прокуратурасы мектептерде жүргізілген тексеру кезінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады. Ұрланған ақшаға қатысты ақпарат облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды.

    Өңірлік прокуратура дерегіне сүйенсек, 2023 жылдың ішінде бухгалтерлер жымқыру мақсатында өз есепшоттарына заңсыз ақша аударған. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 млн теңгеден асып отыр.

    Сонымен қатар тиісті орган жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректерін де анықтады.

    Барлық құқықбұзушылық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.