jitsu gif
Оқыс оқиға

    Антикор өкілдері қызметінен босатылған Бағдат Мусин туралы пікір білдірді

    Бағдат Мусин
    Бағдат Мусин. Видеодан кадр: Youtube/ nFactorial Podcast

    Антикордың баспасөз қызметі өкілдері ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусинге қатысты істі тергеп-тексеру жүріп жатыр ма деген сұрақтың жауабын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

    "Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің өнідісінде бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс жоқ", - деді NUR.KZ тілшісіне Антикордың баспасөз қызметі өкілдері.

    Еске салайық, 30 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы қызметінен босатқан еді.

    Кейінірек Мусин өзі отставкаға кеткенін мәлімдеді. Министр жұмыстан шығарылғаннан кейін желіде бұрынғы министрге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тараған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.