jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында балаларға қол көтерген қызметкерлер жұмыстан шығарылып, балабақша уақытша жабылды

    Балабақша
    Балабақша тәрбиешісі мен бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Тәрбиешілері бүлдіршіндерді тұншықтырып, ұрып-соққан Жетісу облысындағы балабақша уақытша жабылды. Ал бүлдіршіндерге қол жұмсаған қызмкеткерлер жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна мәліметінше, оқиға Головацкий ауылындағы "Жаскент" балабақшасында болған.

    Тәрбиешілердің бір емес, бірнеше рет балаларды тоқпақтағаны мекеменің бейнебақылау камерасына жазылған.

    Кадрде мұғалімдер бүлдіршіндерді төсекке жатқызуға тырысып, итеріп, ұрады. Тып-тыныш отырған баланы жұлқып, иығынан салып қалады. Ата-аналар олардың соққыға жығылғанын денесіндегі көгерген іздерінен байқапты. Олар дереу полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған.

    Ал жергілікті әкімдік мекеменің он күнге жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісінің жұмыстан босатылғанын айтты.

    "15 мамырда білім және полиция бөлімінің қызметкерлері балабақшадағы бейнебақылау камераларын қарап, тексеру жұмыстарын жалғастырды. Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі және негізгі тәрбиеші, үшеуі 15 мамырда жұмыстан босатылды. ҚР ҚК 140-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Айта кетейік, желіде балабақшада бүлдіршіндерді ұрып-соғып жатқан адамның видеосы жарияланған болатын. Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері жарияланған видеоға қатысты түсінік берген еді.

    Жетісу облысында балаларға қол көтерген қызметкерлер жұмыстан шығарылып, балабақша уақытша жабылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.