jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда кілтке бола әйеліне жұдырық жұмсаған ер адам қамауға алынды

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодардағы түрғын үйлердің бірінің ауласында әйелімен жанжал шығарған ер адам қамауға алынды. Ол ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ер адамның әйелін тұрғын үйдің алдында балағаттап, ұрғаны Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланды. Оны көршілері түсіріп алған.

    Облыстық соттың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 17 мамырда Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Павлодар қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қаралған.

    "Сот отырысында Павлодар қаласының тұрғыны 16 мамырда сағат 02:00 шамасында қоғамдық орында әйелімен жанжалдасып былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

    Оның кінәсі өзінің мойындауымен, әйелінің және полиция инспекторының айғақтарымен, сонымен қатар бейнежазбамен дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

    Сот ер адамды кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Павлодарда кілтке бола әйеліне жұдырық жұмсаған ер адам қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.