jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында бұрынғы аудан әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Қылмыстық іс құжаттары
    Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қостанай облысы Қарасу ауданында бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Виктор Радченко кінәсін мойындады, деп хабарлайды Tobolinfo.kz.

    Жергілікті басылымның хабарлауынша, Виктор Радченкомен бірге бұл іске ауданның басқа шенеуніктерінің де қатысы бар. Барлығы пара берген деп те, пара алған деп те күдікке ілінген.

    Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко, басылымның хабарлауынша, кінәсін мойындаған.

    "Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасу ауданы әкімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Күдіктілердің бірі – В.Радченко", - деп мәлімдеген Антикор жергілікті басылымға.

    Сондай-ақ басылым дереккөздерге сілтеме жасап, іс жол жөндеумен айналысатын компаниядан пара алуға байланысты қозғалғанын екенін нақтылаған.

    Сондай-ақ олар Виктор Радченконың аудан әкімі қызметінен 2024 жылдың наурыз айында кеткенін еске алды.

    Қостанай облысында бұрынғы аудан әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.