jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысындағы оқушы өлімі: мектеп басшылығы қылмысты жасырды деген күдікке ілінді

    Мектеп іші
    Мектеп іші. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасының басшылығы қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр, деп хбарлайды КТК арнасы.

    Телеарна мәліметінше, 8-сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған болатын. Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған.

    Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры "оқушының жүрек талмасы ұстап қалды" деп жалған мәлімет берген. 14 жасында мерт болған баланың ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    "Өкінішке қарай, мектеп басшылығының тарапынан дер кезінде шара қабылдамауынан жеткіншек мерт болды. Директорға қатысты Қылмыстық кодекстің 432-бабымен, "қылмысты жасырып қалу" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға көмекшісі Шавхат Таштеміров.

    Еске салсақ, аталмыш оқиға 30 сәуірде мектеп дәретханасында болды. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған деген күдікке ілінді. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр.

    Дереккөз: КТК

    Жамбыл облысындағы оқушы өлімі: мектеп басшылығы қылмысты жасырды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.