jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында жоғары лауазымды шенеунік сотталды

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Павлодар облысында Ертіс аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен сотқа тартылды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттың Facebook-тегі ресми парақшасындағы ақпарат бойынша, ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактілері бойынша қылмыстық істі 22 мамырда Павлодар облысы Ертіс аудандық соты қараған.

    "Сотталушы 2018 және 2019 жылдары Ертіс аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, қызмет мүдделеріне қайшы келетін, атап айтқанда ЖШС-не пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қолданып, соңғысына мемлекеттен елдi мекендердiң шекарасында орналасқан кадастрлық құны төмен бағаланған 2 үлкен жер учаскесiн алуға көмек көрсеткен.

    Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жылжымайтын мүлікті сатудан бюджетке 79 млн теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген сот хабарламасында.

    Сот өкілдері бұл қылмыс ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы санатына жататынын атап өтті.

    Сотталушының кінәсі оның кінәсін ішінара мойындауымен, жәбірленуші өкілінің, куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен, мамандардың қорытындыларымен дәлелденген.

    Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде – екі жас балаcының болуын, жақсы мінездеме берілгенін ескерді. Істегі жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде шенеуніктің антын бұзып, қылмыс жасауы танылды.

    Сот оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Павлодар облысында жоғары лауазымды шенеунік сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.