jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

    Айыпталушы
    Уақытша ұстау изоляторы. Көрнекі фото: Максим Золотухин

    Бүгін, 24 мамырда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, күдікті 2017-2019 жылдар аралығында Алматыда салынып жатқан үйден пәтер береміндеген сылтаумен азаматтардың жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам мүлкін алдау жолымен иемденген.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды.

    Өткен жылдың қараша айында күдікті Украина аумағында ұсталған.  

    Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша украиндық тарап күдіктіні елімізге экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

    "Айта кетері, былтыр Украинаның қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан-Украина өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шыққанына қарамастан, аталған адамды ұстап беру Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы 2018 жылы Қазақстан Бас прокуратурасы жасаған экстрадициялау туралы шарттың арқасында мүмкін болды.

    Сонымен қатар, Астана мен Киев арасында тікелей әуе қатынасы болмағандықтан, іздеуде жүрген адамды Украинадан Молдова мен Түркия арқылы өткізуге тура келді, ол үшін Бас прокуратураға осы елдерден адамдарды өз аумақтары бойынша транзиттік тасымалдауға келісімін алу қажет болды", - делінген хабарда.

    Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

    Айып тағылып отырған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

    Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.