jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды

    Ақша мен қол кісен
    Ақша мен қол кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары 12 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бірнеше шенеунікке қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабардайды KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап.

    Бейімбет Майлин ауданының соты"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және "Қазақстан-ОЭК" СҮ" ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

    Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

    "Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

    Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады", - делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.