jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысының білім басқармасы лауазымды тұлғалары сотталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

    Алматы облысының білім басқармасы бірнеше қызметкерінің сотқа тартылғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Білім басқармасының лауазымды тұлғаларының қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

    Білім басқармасы тарабынан тергеу органына алаяқтық әрекеттер жасаған тұлғаларды анықтауға және жауапқа тартуға жан-жақты көмек көрсетілгенін хабарлаймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

    Іле аудандық сотының шешімімен мемлекет қаржысын алдау жолымен иемденбек болған жеке балабақшалардың құрылтайшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    "Сотталғандар арасында Алматы облысы білім басқармасының қызметкерлері жоқ", - дейді ведомство өкілдері.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы облыстық сотының өкілдері өңірдің білім басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты сот үкімі шыққанын, олар жалған шарттар жасасу арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотты болғанын хабарлаған еді.

    Алматы облысының білім басқармасы лауазымды тұлғалары сотталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.