Бас прокуратура Қанат Таймерденов ұсталды деген қауесетті жоққа шығарды
Опубликовано:
Бас прокуратура Қанат Таймерденовке ұсталды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.
"Алматы қалсының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы Telegram-дағы түрлі арналарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Осыған орай, Бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, азаматттар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2108364-bas-prokuratura-qanat-taimerdenov-ustaldy-degen-qauesetti-zhoqqa-shygardy/