jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте бас есепші 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Ақша мен кісен
    Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Дене шынықтыру және спорт басқармасы емханасының бас есепшісіне қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғары сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Тергеу органы ол қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иеленді (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша) деп айыптады.

    Сот емхананың бас есепшісі бір жыл бойы қызметкерлердің шотына жалақысынан асып түсетін қаражатты есептеп отырған. Содан кейін ол осы артық жинақталған қаражатты досының банк картасына қайтаруды сұраған. Осылайша, бұл ақшаны өзі иемденіп, өз қажеттіліктеріне жаратқаны анықталды.

    Сотталушының әрекетінен мемлекетке 29 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

    Прокурор 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

    Соттың шешімі сотталушы Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкентте бас есепші 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.