jitsu gif
Оқыс оқиға

    Нөмірінен айырылған жүргізуші өзін полиция озбырлығының құрбаны ретінде көрсетпек болған

    Полицей мен құқықбұзушы
    Полицей мен құқықбұзушы. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Алматы облысында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тарқан кезде, Toyota Camry көлігінің иесі өзін полиция озбырлығының құрбаны ретінде көрсетпек болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арасында жарияланған ақпарат бойынша, Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағы талаптарын бұзған автокөлікті байқаған. Иесін таппаған тәртіп сақшысы көліктің мемлекеттік нөмірін тәркілеген.

    "Басқа құқық бұзушыға хаттама толтыру кезінде Toyota Camry көлігінің иесі келді. Жүргізуші әйел жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оны қорлап, балағат сөздер айтты", - дейді полиция өкілдері.

    Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін қайтарып берген.

    "Алайда автоледи жазадан жалтару мақсатында видео түсіре бастап, өзін полиция озбырлығының құрбаны ретінде көрсетті", - деп жазады ведомство өкілдері.

    Енді көлік иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа, билік өкілін қорлағаны үшін жауапқа тартылмақ. Жиналған іс-құжаттар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

    Нөмірінен айырылған жүргізуші өзін полиция озбырлығының құрбаны ретінде көрсетпек болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.