jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шығын 60 млн теңгеге жуық: Алматыда қаржы пирамидасын құрған үш адам сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

    Алматыда қаржы пирамидасын құрған үш адам 5 жылға сотталды. Олар барлығы 13 адамға 59 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Бұл туралы қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған А., К., С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).

    "Сотталушылар шетелдік азаматтармен сөз байласып (оларға қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген) болашақ инвесторларға ақша операцияларын бақылай алатындай интернет-платформасын құрды" - делінген соттың Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    Клиенттер әлеуметтік желілерде жарнамалау, кітапшаларды тарату, онлайн тренингтер өткізу, инвестициялық компания ретінде жобасын позициялау және әрбір инвесторға салынған соманың 5-тен 15 пайызға дейін ай сайын алатынына уәде беру арқылы тартылған.

    Алаяқтық барысында 13 адамға жалпы сомасы 59 894 237 теңге материалдық шығын келтірілген.

    Сотталушылар кінәсін мойындамаған. Жәбірленушілердің кейбірі сотталушыларға материалдық талаптары жоқтығын айтса, төртеуі соттан материалдық шығынды өндіруді сұраған.

    Прокурор сотталушыларды 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Нәтижесінде А., К., С. қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылып, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Шығын 60 млн теңгеге жуық: Алматыда қаржы пирамидасын құрған үш адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.