jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "159,4 млн теңге жымқырған": ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Қазақстан темір жолы" Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды.

    "Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Сондай-ақ Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды", - делінген хабарда.

    Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "159,4 млн теңге жымқырған": ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.