jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада ер адам мас күйде есікті жауып алып, фельдшерді пышақпен қорқытқан (видео)

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Астана полициясы мас күйінде фельдшерге тап берген ер адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, бұл жайт өткен түнде болған. Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған.

    "Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде ер адам алкогольге мас күйде болып, медицина қызметкерлерін балағаттаған. Пышақ алып қорқытып, бөлмені жауып алып, фельдшерге жұдырығын ала жүгірген", - делінген хабарламада.

    Медицина қызметкерлері 102 нөміріне қоңырау шалуға мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары ер адамды дереу ұстап, қолынан пышақты тәркілеп, полиция басқармасына жеткізген.

    Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы күдікті алкогольге мас күйде болған.

    Күдіктіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Астанада ер адам мас күйде есікті жауып алып, фельдшерді пышақпен қорқытқан (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.