jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 7 млрд теңгеге жоспарланған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды

    Ақша
    Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    СҚО-да жыл басынан бері қадағалаушы орган заң талаптарын бұза отырып жасалған 20 мемлекеттік сатып алудың күшін жойып, 7,1 млрд теңге болатын бюджет қаражатын шығындауға жол бермеді. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, бюджет қаражатының ұтымды жұмсалуын талдау аясында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу деректері анықталған.

    Мәселен, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу" және "ҚР сәулет-қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы" заңдардың талаптарын бұза отырып, сомасы 3,6 млрд теңгеге жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарсыз, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген.

    Шал ақын ауданында Экономика және қаржы бөлімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның талаптарына қайшы келетін аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей, сомасы 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізген.

    Ал Есіл ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Заңның 21-бабын бұза отырып, сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн теңге сомасына көмір сатып алған.

    "Жіберілген бұзушылықтар үшін 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жетеуі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, төртеуі жұмыстан босатылды және үшеуі толық сәйкес еместігі туралы ескертілді", - деді СҚО прокуратурасы.

    Бұған дейін Ұлытау облысында прокурорлар жыл басынан бері жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойғанын хабарлаған едік. Тоғыз лауазымды тұлға тәртіптік, он жеті адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Алматыда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" республикалық жобасының волонтерлері мемлекеттік сатып алу жүйесінде 300 миллион теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтарды анықтады. Қазірдің өзінде қалада жобаға 250-ден астам белсенді қосылды.

    Қазақстанда 7 млрд теңгеге жоспарланған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.