jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысында көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды

    Гүлвира Дөненбаева
    Гүлвира Дөненбаева. Видеодан кадр: Хабар 24

    Абай облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваға қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дөненбаева өзінің қарамағындағылар арқылы аудандық қызметкерден өз бөлімшесіне ауысқаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу бойынша күдікке ілінген.

    "Жоғарыда аталған лауазымды тұлға пара алу фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ағымдағы жылдың 20 мамырында облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарда.

    Сондай-ақ Антикор өкілдері Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін ескертті.

    Абай облысында көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.