jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада көшенің қақ ортасында бір-бірін аяусыз ұрған жастар видеоға түсіп қалды

    Астанада төбелескен жастар
    Астанада көшеде төбелескен жастар. Видеодн кадр. : t.me/egovpress

    Астанада көшенің қақ ортасынеда жастар төбелесіп қалды. Төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиғаға елордалық ПД баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кадрлар Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Видеода көшеде екі жігіт төбелескені, бір-бірін аяусыз ұрғаны көрсетілген. Кейін төбелеске тағы бір жас жігіт қосылған, ол тоқтар тұрған көліктен қолына таяқ секілді зат алғаны видеодан байқалады.

    Бұл дерек бойынша үш адам ұсталғанын қалалық ПД баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

    "Полиция қызметкерлері елорданың үш тұрғынын анықтап, ұстады. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ведомство өкілдері.

    Айта кетейік, 11 маусымда Атырау базарында соққыға жығылған ер адамның видеосы тарады. Атырау облыстық полиция департаментінің өкілдері дене жарақатын алған адам қаза тапқанын мәлімдеген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.