jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (видео)

    Көліктен кеудесін шығарып кетіп бара жатқан жігіттер
    Жол қозғалысы ережесін бұзушылар. Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__official

    Алматы полицейлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде төрт жүргізушіні жазаға тартты. Жақында желіде жол қозғалысын бұзған кортеж жүргізушілерінің видеосы жарияланған еді, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жол қозғалысы ережесін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылғаны хабарланды.

    "Ішінде үйлену тойына қатысушылар отырған төрт көліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Атап айтқанда, "Тойота Камри" көлігін басқарған 2003 жылы туған Д.есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 3-бөлігі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

    Сонымен қатар "Тойота Ланд Крузер" көлігін басқарған 2002 жылы туған Т.есімді жігіт Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі және 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ал "Мерседес" автокөлігін басқарған 2002 жылы туған Б.есімді жігіт пен "Тойота Камри" көлігін басқарған 2004 жылғы А.есімді жігітке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Сондай-ақ алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізушілермен құқықтық түсіндіру әңгімесі жүргізілді", - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

    Алматыда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.