jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қыз зорлау ісі: сот алқасы апелляция сатысында ақталған блогерге қатысты жаңа үкім шығарды

    Сот
    Сот. Көрнекі сурет: Liudmila Chernetska/Getty Images

    Бүгін, 18 маусымда Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Думан Ерханатқа қатысты қылмыстық істі қарады. Ол зорлық ісі бойынша сотталып, кейінгі сатыда ақталып шыққан. Енді сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сот процесі ҚПК-нің 29-бабына сәйкес жабық режимде өткен. Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерханат зорлау бойынша кінәлі деп танылған болатын (Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі). Сот залында ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған. Кейін оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

    Ал апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған.

    Жоғарғы сот өкілдерінің хабарына қарағанда, бүгін өткен сотта қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерханаттың кінәсі дәлелденді деп таныған.

    "Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады.

    Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды", - делінген хабарда.

    Қыз зорлау ісі: сот алқасы апелляция сатысында ақталған блогерге қатысты жаңа үкім шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.