jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтау әкімі алаяқтарды сотқа беретінін ескертті

    Ұлықбек Тналиев
    Ұлықбек Тналиев. Фото: instagram.com/aktau_akimdigi

    Ақтау әкімі Ұлықбек Тналиев суреті мен аты-жөнін пайдаланған алаяқтарды сотқа беретінін айтып, облыс тұрғындарына фейк аккаунттарға сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Lada.kz.

    Жергілікті басылымның мәліметінше, белгісіз біреулер WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде өзін Ақтау қаласының әкімі деп таныстырып, тұрғындарды алдауға кіріскен.

    "Сіздерден мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ мұндай хабарламаларға жауап бермей, ештеңе жазбағандарыңыз дұрыс", - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.

    Әкім өзінің суреті мен аты-жөнін қолданып жүрген алаяқтарды сот арқылы қорқытып, заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

    "Менің фотосуреттерімді, мәліметтерімді пайдалануға және менің атымнан хабарламалар жіберуге тыйым саламын, әйтпесе ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғауға өтініш беруге мәжбүр боламын", - деді Тналиев.

    Ақтау әкімі алаяқтарды сотқа беретінін ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.