jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Киевтегі Қазақстан азаматына жасалған қастандық: ІІМ күдікті туралы ақпаратқа пікір білдірді

    Қастандық жасалған жер
    Оқиға орны. Фото: t.me/stranaua

    Ішкі істер министрлігі желідегі екі қазақстандық Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді – олардың бірі бұрын Қостанай облысы полиция департаментіне қызмет атқарған. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтарда ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз.

    Қазір біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз.

    Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ 18 маусымда Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреу атып кеткенін жазған еді.

    Бас прокуратура Садықовтың "ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін" хабарлады.

    Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, жәбірленуші мен оның жұбайы 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесін алған.

    19 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке пікір білдіріп, Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін жеткізді.

    Киевтегі Қазақстан азаматына жасалған қастандық: ІІМ күдікті туралы ақпаратқа пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.