jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Құны 10 млн теңге": Жамбыл облысында бір топ адам тонналап дизель отынын ұрлаған

    Канистр
    Канистр. Көрнекі фото: Getty Images/ AnatolEr

    Жамбыл облысында құны 10 миллион теңге 22 тонна дизель отынын ұрлады деп айыпталған жүргізушілер сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық соттың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық соттың Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқырды деп айыпталған 4 адамға қатысты қылмыстық іс Сарысу аудандық сотында қаралды (ҚК 188 б. 3 б., 1,2 т., 188 б. 2 б. 1, 2 т.).

    "ЖШС-нің арнайы техникасының жүргізушілері – сотталушылар Д., С. және М алдын ала сөз байласу арқылы өз ауысымдарында пломбаны бұзбай, жанармай багының қақпағын ашып, дизель отынын шланг арқылы канистрлерге құйып, шартты жерде жасырған. Кейін сыбайласы Т.-ға жанармай канистрлері орналасқан жері туралы хабарлады. Т. өз кезегінде, жанар-жағармайды алып, Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде орналасқан үйде сақтаған. Ол сол жерде сатылып, алынған пайда өзара үлестірілген", - деп жазылған іс материалдарында.

    Салдарынан жәбірленушіге жалпы сомасы 10 млн теңгеге материалдық залал келтірілген.

    Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және басқа да заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді.

    Прокурор сотталушылардың біріне 4 жыл бас бостандығынан айыру, ал қалған екі сотталушыға 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесуді сұрады.

    Сот баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі сотталушы өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініп, жазаны жеңілдетуді сұрады.

    Алайда сотталушылардың бірі өз кінәсін мойындаған жоқ.

    Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бары әрі жасаған қылмыстық әрекеттері үшін шын жүректен өкінулері қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

    Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

    "Сот Т.-ны Қылмыстық кодекстің 188 б., 3 б. 1,2 т. бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Д., С. және М. Қылмыстық кодекстің 188 б., 3 б., 2 т бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. ҚК-нің 44 б. 2 б. сәйкес бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді", - делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "Құны 10 млн теңге": Жамбыл облысында бір топ адам тонналап дизель отынын ұрлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.