Оқыс оқиға

Зектілері

"Көгалдан бір нәрсе іздеген": Астана полициясы көшеде айқайлаған арудың видеосына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Астанадағы қыз
Астанадағы қыз. Видеодан кадр: instagram.com/zhaloby.astana

Әлеуметтік желіде көшеде айқайға басып, өзін ұстап тұрған ер адамнан қашып кетуге тырысқан арудың видеосы тарап кетті. Елордалық Полиция департаментінің өкілдері аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бойжеткенді полицейлер келгенше жібермеуге тырысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видео Instagram желісіндегі zhaloby.astana парақшасында жарияланған. Бейнежазбада ер адам айқайлап, кетуге талпынған бойжеткенді жібермей тұрғанын көруге болады. Алайда оның ер азаматқа шамасы жетпеген. Олардың қасында тағы бірнеше ер адам тұрған. Видео авторының жазбасына сәйкес, оқиға Астанадағы Сарыарқа ауданында сағат таңғы 03:15-те болған.

Полиция департаментінің өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.

"Көгалдан бір нәрсе іздеген бойжеткеннің әрекеті тұрғындардың назарына іліккен. Олар бойжеткенді полиция келгенше ұстап тұруға тырысқан. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесінде шешім шығарылатын болады", - деді қалалық ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2123262-kogaldan-bir-narse-izdegen-astana-politsiiasy-koshede-aiqailagan-arudyng-videosyna-qatysty-pikir-bildirdi/