jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы маңында наурызда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр

    Жоғалып кеткен қыз
    Айя-София. Фото: Алматы облысының полиция департаменті

    17 наурызда Алматы облысы Күш ауылында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 3 жасар Айя-Софияны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық полиция департаменті іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, оған барлық полиция қызметкері, іздеуге бөлінген күштер, қоғамдастықтар мен еріктілер тартылды. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

    Еске салайық, үш жасар Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын. 17 наурызда бүлдіршін үйден өз бетімен шығып кеткені және содан кейін оны ешкім көрмегені хабарланған. Баланың анасы сол күні полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер бірден қызды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған.

    Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер де тартылды.

    Тәртіп сақшылары баланы өлтірген болуы мүмкін деген нұсқамен күдіктілерді қамауға алынды. Құқық қорғау органдары нақты кімнің күдікке ілінгенін мәлімдеген жоқ.

    Алматы маңында наурызда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.