jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Астана полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қалалық ПД-ның Instagram-дағы парақшасында көшелерде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғаны хабарланды. Жасақтар саны ұлғайтылды, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау күшейтілді.

    "Қалаға кіре берісте полицияның "Рубеж" стационарлық бекеттері жұмыс істейді, онда азаматтардың құжаттары мен көліктегі тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде.

    Автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Делегациялардың арнайы колонналарының өту кезінде елорданың магистральдық көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектеледі", - делінген хабарда.

    Сонымен қатар азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмағаны айтылған.

    "Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға түсіністік танытуға шақырады", - делінген хабарда.

    Астана полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.