jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Бухгалтер сотта Гүлмира Сатыбалды үлескерлердің 450 млн теңгесін туысына қалай жібергенін айтып берді

    Свидетель
    Свидетель. Фото из зала суда : NUR.KZ/Айгерим Хамзина

    Алматыда Гүлмира Сатыбалдының соты жалғасып жатыр. Куәгерлер қатарында Baur Kazakhstan компаниясында жұмыс істеген бухгалтер сөз сөйледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Компанияда куәгер 2018 жылдан 2019 жылдың мамырына дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 2020 жылдың қаңтарында Гүлмира Сатыбалды оны "Премьер-НС" ЖШС-ның қаржы директоры ретінде жұмыс істеуге шақырған.

    Жәбірленушінің өкілі куәгерден "ТМ Engineering" ЖШС есеп шотынан Galanz Bottlers пайдасына ақша аударған-аудармағанын нақтылады. Адвокат куәгерден "Жәбірленуші Абай Жүнісов бұл аударым туралы білген бе еді?" деп сұрады.

    "Мен ол туралы білмеймін. Мен осы уақытта Астанада іссапарда болдым. Бірақ бұл кезде маған Кабенов пен Мекешева қоңырау шалды, олар "ТМ Engineering" ЖШС-нен (ТМ Engineering – Baur Kazakhstan құрылымына кіретін компания. Baur Kazakhstan-ның құрылтайшылары Гүлмира Сатыбалды және жәбірленуші Абай Жүнісов) 450 млн теңге жіберіп, бақылауды тапсырды. Содан кейін мен Мекешеваға "Неге үлескерлердің ақшасын жіберуім керек?", - деп сұрдым. Ол бұл ақша қайтарылатынын, бұл Гүлмира Сатыбалдының нұсқауы екенін айтты. Бұл ақшаны Шымкент қаласындағы цемент зауытына, Гүлмира Сатыбалдының туысына жібердік – 450 млн теңге", - деді куәгер.

    Бұдан әрі куәгер бұл елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлерінің ақшасы екенін түсіндірді.

    Куәгердің айтуынша, Гүлмира Сатыбалды келгеннен бері жәбірленуші Абай Жүнісов компанияны бақылай алмай қалған. Куәгер компания Абай Жүнісовке қарыз екенін айтты.

    "1,5 млрд теңге қарызы бар. Абай Жүнісов бұған дейін айналым қаражатын толықтыруға қолма-қол және қолма-қол ақшасыз қаражат салған", - деді куәгер.

    Ол жәбірленушіге ақшасы қайтарылған-қайтарылмағанын білмейтінін айтты. Ол сұрақтарға жауап беру кезінде Гүлмира Сатыбалды оны қорқытқанын, ешкіммен, әсіресе Абай Жүнісовпен араласпауын айтқанын жеткізді. Гүлмира Сатыбалды бұл жайт есінде жоқ екенін айтты.

    Бухгалтер сотта Гүлмира Сатыбалды үлескерлердің 450 млн теңгесін туысына қалай жібергенін айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.