jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Адам өлтіруге оқталған": тағы бір қазақстандық Грузиядан экстрадацияланды

    Қолына кісен салынған адам
    Қолына кісен салынған адам. Көрнекі фото: getty/stock photo

    Адам өлтіруге оқталған деген күдікті Қазақстанға Грузиядан экстрадацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады.

    "Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған", - делінген хабарда.

    Құзырлы орган мәліметіншен, 2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды.

    Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарды.

    "Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

    Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді Бас прокуратура өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.