jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Басынан тепкен": Қызылордада жасөспірімге сот үкімі шықты

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған балаға ауыр дене жарақатын салған жасөспірімге қатысты үкім шықты. Бұл туралы өңірлік сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қызылорда облыстық сотының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің 7), 11)-тармақтары бойынша (Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қаралған.

    "Сотталушы 2023 жылғы 3 сәуірде кешкілік уақытта көше бойында кәмелетке толмаған жәбірленушінің балалармен алысып жатқанын көріп, бұзақылық ниетпен кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында соңғының басынан күштеп өзінің оң аяғымен 4-5 мәрте теуіп, ауыр дене жарақатын салған", - делінген сот хабарламасында.

    Жасөспірім сотта берген жауабында тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

    Сот талқылауында кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілі сотталушыға кешірім беретінін айтып, бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұраған.

    "Сотталушы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің 7), 11)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етілді, Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, сотталушыға жаза шартты деп саналып, оған 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, бірқатар міндет жүктелді", - дейді сот өкілдері.

    "Басынан тепкен": Қызылордада жасөспірімге сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.