jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталуы: Антикор істің мән-жайын мәлімдеді

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы ұсталды. Құзырлы орган істің мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап.

    Құзырлы орган мәліметінше, 3,5 жылда агенттік 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңге болған.

    Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша "Қалбатау-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу дерегі анықталды.

    "2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы әшкереленді.

    Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді", - делінген хабарламада.

    Лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік субъектісі ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

    Антикор тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    ШҚО-да жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталуы: Антикор істің мән-жайын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.