jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтөбелік әйел анасының картасына ақша жіберу арқылы миллиондаған теңге ұрлаған

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Ақтөбедегі жеке компанияның бас бухгалтері өзіне миллиондаған теңге аударған. Ол ақшаны анасының есепшотына жіберіп отырған. Бухгалтер 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Диапазон".

    Іс материалдарына сәйкес, 51 жастағы Ақтөбе тұрғыны жеке компанияға бас бухгалтер болып жұмысқа орналасқан. Ал бірнеше айдан кейін ол жерден қомақты ақша ұрлай бастаған. Әйел ақшаны анасының банк картасына аударып отырған. Есеп берген кезде тауарларға ақша төлеу үшін осы аударымдарды жасағанын айтқан.

    Барлығы 6 миллион теңгеден астам ақша ұрланған. Сондай-ақ анасы алаяқтық туралы ештеңе білмеген.

    Жауапкер ақшаның жартысын қайтарды. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды, алайда кенже баласы 14 жасқа толғанға дейін сот үкімі бір жыл кейінге қалдырылды.

    Сонымен қатар ақпан айында ол көлікті мас күйінде және құжатсыз басқарғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. Мұнда да үкімді кейінге қалдырған.

    Ақтөбелік әйел анасының картасына ақша жіберу арқылы миллиондаған теңге ұрлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.