jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

    ШҚО-да Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіргені үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

    Шығыс Қазақстан облыстық соты биыл 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.

    "Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтірген", - деп хабарлады құзыроы орган өкілдері.

    Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    ШҚО-да Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.